Конькимен жүгіру спорты бойынша Қазақстан командасының өкілі Алина Дауранова әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Германиядағы Инцелль аймағында жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының кезеңі өтуде.
1000 метр қашықтыққа жүгіру қорытындысы бойынша Алина Дауранова екінші орынға тұрақтады. Қазақстандық спортшы 1:17:23 нәтижесін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігіне нидерландық Смит Пиен мен ресейлік Анастасия Семенова кірді.