Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Ұлыбританияға оралып, екінші жекпе-жегін сол жерде өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Егер қызықты ұсыныс туындап жатса, Ұлыбританияда жекпе-жекке сұраныс болса, мен оны қарастыруға дайынмын. Себебі онда менің жанкүйерлерімнің ең үлкен тобы бар», деді Головкин.
Еске сала кетсек, 39 жастағы қазақстандық 2016 жылы Ұлыбританияда жергілікті боксшы Келл Брукпен (39-3, 27 КО) жұдырықтасып, бесінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Бастапқыда GGG-дің қарсыласы тағы бір британдық Крис Юбэнк (31-2, 23 КО) болуы керек еді, бірақ онымен келіссөздер тоқтап қалды.