• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қараша, 2021

193 мемлекет жасанды интеллект бойынша келісімге қол қойды

1458 рет
көрсетілді

ЮНЕСКО-ға кіретін барлық 193 ел жасанды интеллекттің қауіпсіз дамуы мен қолданылуын қамтамасыз ету үшін қажетті жалпы құндылықтар мен қағидаттарды анықтайтын құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz БҰҰ жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Заманауи әлемдегі нарықта мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін едәуір жеңілдетіп, олардың автономиясын кеңейтетін көптеген құралдар жетерлік. Жасанды интеллектке негізделген технологиялар біздің күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылады. Жасанды интеллект тіпті қатерлі ісік ауруын диагностикалау және мүгедектер үшін инклюзивті орта құру сияқты мамандандырылған салаларда кеңінен қолданылады.

ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, аштық пен климаттың өзгеруі сияқты проблемалармен күресуде жасанды интеллектті қолдану - уақыт талабы. Десе де, ЮНЕСКО бұл технологиялар «бұрын-соңды болмаған проблемаларды» тудыруы мүмкін деп ескертеді.

«Біз гендерлік және этникалық тұрғыдан теріс ұғым көріністерін, сондай-ақ жеке өмір мен бостандықтың бұзылуын, жаппай бақылау қаупін және құқық қорғау органдарының жасанды интеллект технологиясын теріс пайдалануын байқап жатырмыз. Осы уақытқа дейін теріс пайдалануды шектейтін әдістер, бірегей стандарттар болмаған», делінген ЮНЕСКО мәлімдемесінде.

ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған құжат жасанды интеллект технологиясының этикалық дамуын қамтамасыз ету үшін құқықтық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған.

«Әлемге белгілі бір жасанды интеллектті қолдану ережелері қажет. Біз қабылдаған құжат әлемде алғашқы жаһандық нормативтік база орнатып, мемлекетке оны қолданғаны үшін жауапкершілік жүктейді», деді ЮНЕСКО бас директоры Одри Азуле.