• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2014

Заңсыз ойынханалар әшкереленді

302 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметі заңсыз жұмыс істеген 15 ойынхананы анықтады. Өңірде заңсыз ойын автоматтарын кәсіпке айналдырғандар аз емес. Былтыр мұнда ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы 12 заңсыз ойынхана жұмысын әшкерелесе, жыл басынан бері осындай 3 ойын залы анықталған. Тәркіленген 46 ойын автоматы мен 1 электронды рулетка қала сыртына шығарылып, жойылды. Іс-шараға құзырлы орган қызметкерлерімен қатар, қала жастары да қатысты. Олар құмар ойынға қарсылық білдіріп, қатарластарын бос әдеттерге қызықпауға шақырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастарды шараға қатыстырудағы басты мақсат та осы – қылмысқа итермелейтін ойыннан аулақ болуға үндеу. «Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заң талаптарын бұзу фактілерін анықтау бойынша жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында бірнеше ойын залының заңсыз әрекеттері анықталды. Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар