• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2014

Адвокат түрмеге қамалды

362 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшесі түрмеге қамалды. Ол өз қорғауындағы азаматтың ісін оң шешіп беремін деп, одан 25 мың доллар сұраған екен. Асқар Жанабаев өткен жылдың нау­рыз айында пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Енді түсінікті болу үшін басынан бастайық. Ол қорғауындағы аза­маттан алғашында 5 мың доллар алған көрінеді. Тергеу барысында оның айыпталушыдан тағы ақша талап еткені мәлім болды. «Асқар Жанабаев Қылмыстық ко­декстің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, айыпты деп танылды. Осыған орай, оған 10 жыл­ға бас бостандығынан айыру жазасы таға­йындалсын», – деп үкім шығарды об­лыс­тық қылмыстық істер жөніндегі ма­ман­дан­дырылған ауданаралық сотының судьясы Бауыржан Баймұрзин. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан». ПЕТРОПАВЛ.