• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қараша, 2021

Түркістан облысында екі браконьер ұсталды

313 рет
көрсетілді

Түркістан облысында 240 келіден астам балық аулаған екі браконьер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-алдын алу іс-шаралары аясында Арыс АПБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Көксарай су қоймасында браконьерліктің кезекті фактісін анықтады.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері «ГАЗ» және «Opel» автокөліктерін тоқтатып, жүргізушілерде ауланған балыққа арналған тиісті құжаттары жоқ екені анықталды.

Белгілі болғандай, Бәйдібек ауданының екі тұрғыны заңсыз балық аулаған. Заттай дәлел ретінде тәртіп сақшылары браконьерлерден 240 келіден астам түрлі тұқымды балықты, екі резеңке қайықты және балық аулау құралдарын тәркіледі.

«Аталған дерек ҚР ҚК 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша Арыс АПБ-нің СДТБТ-не тіркелді. Күдіктілердің автокөліктері айып тұрағына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда», делінген хабарламада.