Елордада Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы алып ұшақты спортшы полицей 10 метрге дейін сүйретті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әуе кемесін 10 метр қашыққа сүйретуден әлемдік Гиннес рекордын спорт шебері, Нұр-Сұлтан қаласының полиция майоры Бауыржан Қамалиев орындады», делінген әуежайдың Instagram-дағы парақшасында.
«Түнде бір рет жаттығып көрдім. Алаңдадым. Түнімен ұйықтай алмадым. Өздеріңіз куә болдыңыздар. Орындап шықтым», деді Бауыржан Қамалиев.
Ол көпшілікті 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
Рекордты қайталаушы жетістігін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арнағанын жеткізді