• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Хоккей 30 Қараша, 2021

«Барыстың» тағы бір хоккейшісі ҚХЛ жұлдыздарының матчында ойнайды

213 рет
көрсетілді

Челябинскіде ҚХЛ-2022 жұлдыздарының матчына хоккейшілерді таңдау бойынша БАҚ өкілдері арасында дауыс беру өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистердің дауыс беру қорытындысы бойынша «Еуразия» командасына ҚХЛ-дың ең жоғары ақы төленетін хоккейшісі, «Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Дитц қосылды. Оған қоса Еуразиялық құраманы Челябі «Тракторының» екі ойыншысы - Ник Бэйлен мен Лукаш Седлак толықтырады.

Бұған дейін жанкүйерлердің дауыс беру нәтижелері бойынша ҚХЛ барлық жұлдыздарының матчына қатысушылар тізіміне «Барыстың» үздік бомбардирі - Никита Михайлис енді.

Қалған хоккейшілерді Құрлықтық хоккей лигасы таңдайды. Әр құрамаға екі қақпашы, тоғыз алаңдағы ойыншы және екі жаттықтырушы кіреді. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша 44 ойыншы таңдалады.