• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қараша, 2021

Қарақалпақстанда үш күннен бері орман өртеніп жатыр

299 рет
көрсетілді

Қарақалпақстан Республикасының Әмудария облысында  қалың тоғай арасындағы өртті сөндіру мүмкін болмай тұр, деп жазады Egemen.kz.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өсімдіктер мен фаунаға келтірілген шығын әлі есептелмеген.

Аудандағы өртті сөндіруге 500 адам мен 10-нан астам техника жұмылдырылған. Бірақ өрт бірнеше рет сөндірілсе де, қайта тұтануда.

Қазіргі уақытта өрт Түркіменстанмен шекарада орналасқан үйлерге жақындап қалған. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.