Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Петропавл қаласының әуежайында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 2021 жылғы 6 тамызда 1 жыл мерзімге берген әуеайлақтың жарамдылық сертификаты бар.
Жүргізілген сертификаттау қорытындысы бойынша әуеайлақты пайдаланушы мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі арасында анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспары жасалды. Әуежай Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша шаралар қабылдауда (шамамен 70% жойылды). Бүгінгі күні Qazaq Air және СКАТ әуе компанияларының Петропавл қаласының әуежайындағы рейстері штаттық режимде орындалуда», делінген хабарламада.