Бақытжан Сағынтаев денсаулығына байланысты демалысқа шықты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бақытжан Сағынтаевқа ангина (тамақ ауруы) диагнозы қойылды.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Бақытжан Сағынтаев денсаулығына байланысты 2 желтоқсанда өтіп жатқан Almaty Investment Forum 2021-ге қатыса алмаған. Ол форумда сөз сөйлеуі керек болған.
«Әріптестер, Бақытжан Әбдірұлы денсаулығына байланысты демалысқа шыққанына осымен үш күн болды. Таңертең Almaty Investment форумына қатыса алмады, өйткені ол ем қабылдап жатыр. Оған ангина диагнозы қойылды, қызуы бар. Мүмкін, сағат 16.00-де ол онлайн режимінде қатысады», деді Мұқажанов.