Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің қазынашылық және қаржы министрі қызметіне Нуреддин Небатиді тағайындады. Жарлыққа сәйкес, елдің Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Лутфи Эльван отставкаға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Естеріңізде болса, елдегі орталық банктің негізгі мөлшерлемені төмендету туралы кезекті шешімінен кейін түрік лирасы құлдырай бастаған еді. Министрліктегі ауы-түйіс осы кезеңде жасалды.
Лутфи Эльван Түркияның Қаржы министрлігін 2020 жылдың қарашасынан бері Ердоғанның күйеу баласы Берат Албайрак отставкаға кеткеннен кейін басқарды. 2015-2016 жылдары Эльван Түркия премьер-министрінің орынбасары болды. Ал Нуреддин Небати бүгінге дейін Қаржы министрінің орынбасары болып келген.