Қордай ауданы арқылы өтетін Алматы-Ташкент күре жолында «VanHool» маркалы жолаушылар автобусы мен «Mercedes» шағын автобусы соқтығысуынан 9 адам опат болып, 11 адам жарақат алды.
Қайғылы оқиға Алматы-Ташкент күре жолының 175-ші шақырымында 2 наурыз күні кешке жақын орын алған. Жолаушылар автобусында 53 адам болған. Ал жол-көлік оқиғасынан шағын автобустың қаза тапқан жүргізушісі мен сегіз жолаушы Қырғыз елінің азаматтары болып шықты. Жарақаттанғандар арасында да қырғыз және өзбек елінің тұрғындары бар.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.