• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 02 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда ең жоғары жалақыны қай қала төлейді

561 рет
көрсетілді

Еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда Алматы қаласында орташа жалақы көлемі 20%-ға жоғары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алматы әкімінің орынбасары 11 ай ішінде қаланың экономикалық көрсеткіштері қалай өзгергенін баяндап берді. 

«Алматы - республикалық бюджеттің доноры. Ол ұзақ уақыт бойы республиканың басқа өңірлері арасында жетекші орынға ие. Қаланың ЖІӨ елдің ЖІӨ-нің бесінші бөлігін құрайды (1-ші жартыжылдықта - 105,5%, ҚР бойынша - 102,4%). Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер ел бойынша барлық түсімдердің төрттен бірін құрайды», дейді Ілияс Өсеров.

Өткен жылы карантин мен локдаунның енгізілуіне байланысты бизнеске салық төлеу мерзімі кейінге қалдырылғаны атап өтілді. Жергілікті бюджетке шағын және орта бизнес субъектілерінен корпоративтік табыс салығы берілді, сондай-ақ республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттің шығындары 64,4 млрд теңге көлемінде өтелді.

Ілияс Өсеровтың айтуынша, биыл салық түсімдерінің өсу қарқыны жоғары.

«11 айдың қорытындысы бойынша біз өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салық түсімдерінің 28,7%-ға өсуін байқап отырмыз», дейді әкім орынбасары.

Осылайша, сауда-саттық - 144%, байланыс - 161%, қаржы және сақтандыру - 137%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 121%, құрылыс - 120% салаларында салықтар айтарлықтай өсті.

Бұл ретте, статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы жылдың 3-тоқсанында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жалақы 20,1%-ға өсті. Осылайша, қала бойынша орташа айлық жалақы республикалық деңгейден 16,4%-ға жоғары болып, 283 700 теңгені құрайды. Айта кетсек, Қазақстан бойынша орташа жалақы - 243 667 теңге.