• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2010

ЕКІЖАҚТЫ МҮДДЕЛЕСТІК КӨРІНІСІ

619 рет
көрсетілді

Жақында Қазақстанның АҚШ-тағы және қосымша Бразилиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов Бразилия Пре­зиденті Л.И.Лула да Сильваға Сенім грамотасын тапсырды. Қа­зақ­стандық дипломат сенім грамо­тала­рын тапсырған 17 мемлекет елшілері ішіндегі алғашқысы болу құрметін иеленді, деп хабарлады Қазақ­станның АҚШ-тағы елшілігі. Рәсім шеңберінде Л.И.Лула да Сильва жаңа елшілер құрметіне сал­та­натты қонақасы берді. Оның ая­сын­да Бразилия басшысы Қазақ­стан елшісімен пікір алмасуға үл­кен қы­зы­ғушылық танытты. Сұх­бат­тастар жо­ғары деңгейдегі сапар алмасулар негіз қалаған екі ел ара­сындағы ынты­мақ­тастық әлеуетін одан әрі арттыруға мүдделілік біл­дірді. Со­нымен қатар, көп жағдайда Қазақ­стан мен Бра­зилияның ұста­нымдары ұқсас келетін және олар­ды шешуде ортақ көзқарас таны­ты­лып жүрген халықаралық мә­селелер бойынша пікір алмасылды.