• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Желтоқсан, 2021

Жас дзюдошылар Азия чемпионатының сегіз медалін еншіледі

278 рет
көрсетілді

Қазақстанның дзюдодан жасөспірімдер командасы Ливанда өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, қоржынға сегіз медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық дзюдошылар құрлықтық біріншіліктің алғашқы күнінде үш алтын, төрт күміс және бір қола медаль жеңді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында:

Алтын - Айбек Емберген (50 кг);

Алтын - Талғат Орынбасар (55 кг);

Алтын - Аружан Ережепова (52 кг);

Күміс - Нұрайлым Сәрсенбек (44 кг);

Күміс - Сабина Юлдашбекова (48 кг);

Күміс - Санжар Әли (50 кг);

Күміс - Ақбар Алтай (66 кг);

Қола - Зере Өтепқали (40 кг).