• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2014

Үміткерлер тіркелу үстінде

369 рет
көрсетілді

Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының

өту барысы туралы

(2014 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 101-бабы 4-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 наурызында республиканың 14 өңірінде 59 сайлау округінде шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайлау өтеді. Барлығы Астана қалалық мәслихатының 1 депутаты, 7 облыстық депутат, 12 қалалық депутат және 39 аудандық мәслихаттар депутаттары сайланады. Қазіргі сәтте 185 адам ұсынылды. Олардың 60-ын саяси партиялар, 2-ін қоғамдық бірлестіктер ұсынды және 123-і өзін өзі ұсынғандар. Ұсынылған кандидаттардың 132-сі ер адам, 53-і әйел адам. Мәслихаттар депутаттарының мандаттарына үміткерлердің орташа жасы 41 жасты құрайды. 82,7%-ының жоғары білімі бар. Қазіргі сәтте мәслихат депутаттығына үміткер ретінде 69 адам тіркелді. Олардың 33-і Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 24-і партияда жоқ, тағы 12-сі өздерінің партияға мүшеліктерін көрсетпеген. Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясына арыздар мен өтініштер келіп түскен жоқ, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.