• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2014

Ұлтымыздың ұлы бағдары

416 рет
көрсетілді

«Көкшетау» мәдениет сарайында «Мәңгілік Ел» рес­пуб­ликалық акциясының эстафеталық жиынтық жиыны өткізілді. Бұдан бұрын ол аудандар мен қалаларда, оқу орындары мен еңбек ұжымдарында рухани өрлеу туғызған болатын. Облыс орталығында басталған салтанатты шара «Мәңгілік Ел» ұранымен жаңғырды. Осындағы иін тірескен халықтың қолында логотиптік жалауша, мойнында көгілдір лента көз тартады. Жұртшылық «Мәңгілік Ел жолы» бейнебаянын тамашалап, ұлттық бірлестіктер ұйымдастырған көпсалалы көрмені аралап көрді. Балабақша тәрбиеленушілерінен бастап, халықаралық деңгейде танылған өнерпаздардың кон­церт­тік нөмірлерінің арқауы Елбасының тағдыршешті Жол­дауын жаппай қолдау ауанын айшықты аңғартуымен ұтымды шықты. Ақмола облысы әкімінің бі­рінші орынбасары Рашит Әкі­мов акция шымылдығында тол­ғанысты сөз сөйледі. Қазақ елі тәуелсіздік жариялаған 22 жыл­да қыруар істер тындырып, ау­қымды жетістіктерімен әлем на­зарына ілікті, деді ол. Бізді дүниежүзілік қоғамдастық дамушы мемлекет ретінде құрмет тұтып, бәсекелестік додасындағы адал әріптес санайды. Бұл біз­дің баршамыздың ұлттық мақтанышымыз. Мұндай ел бо­лашаққа арналған ауқымды жос­парлар түзіп, оның игілігін көруге қабілетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев биыл­ғы Жолдауында: «Күшті, қуат­ты мемлекеттер ғана ұзақ­мерзімдік жоспарлаумен, тұрақ­ты экономикалық өсумен айна­лысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы», деп атап көрсетті. Осынау орасан жауапкершілік тұрғысындағы сыннан сүрінбей өтуімізге астаналық Ақмола облысы елеулі үлес қосатыны шүбәсіз. Өңір басшысының орынбасары осыған орай бірқатар негіздемелік деректер келтірді. Облыс 2013 жылы 105,9 пайыздық өңірлік жалпы өнім өсімі жөніндегі міндет үдесінен көрінді. Биылғы жылдың белгіленген белестері де жоғары. Мінберге көтерілген Пар­ламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, еліміздің білім беру ісінің үздігі Зере Қиықова, облыстық «Вайнах» чешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев жиналғандарға жалынды сөзін арнады. Онда Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясынан туындайтын міндеттер жұртшылық жүрегін тебіреніс пен толғанысқа түсірді. Патриоттық акцияға қаты­сушылар бұған дейін еліміздің бірнеше өңірін аралап, Қызылорда облысынан жеткізілген «Мәңгілік Ел» тілек кітабын қабылдап алды. Сондай-ақ, республикалық Назарбаев Орталығы өткізген жастардың шығармашылық байқауының бес жеңімпазын марапаттау шарасы өткізілді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы. Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.