• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Желтоқсан, 2021

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

100 рет
көрсетілді

Еліміздегі 6 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

4 желтоқсанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қарағанды облысының батысында, орталығында тұман түсуі ықтимал. Жезқазғанда ертең түнде тұман түседі.

4 желтоқсанда Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді.

Сенбі, 4 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.