• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2014

Ұлттық құндылықтар ұлықталды

455 рет
көрсетілді

Облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Кеше. Бүгін. Ертең» атты ғылыми-интеллектуалдық ақпараттық топтың кезекті отырысына жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары қатысты. Отырыста облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Зәпен Жұмабаева ұлттық құндылықтарды сақтау, оны насихаттау мақсатында қолға алынған шаруаларға кеңінен тоқталды. Ол Елбасының биылғы Жолдауында көтерілген мәселелерді тарата әңгімеледі. – Биылғы Жолдаудың бұрынғылардан бір ерекшелігі – «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастырудың алға қойылуы болып табылады. Елбасының бұл бастамасын жүзеге асыруда ғалымдар мен интеллектуалдық топтың көмегі қажет. Осы мақсатта басқарма жанынан құрылған ғылыми-интеллектуалдық ақпараттық топ бірқатар шаруаларды қолға алды. Қала мен ауыл-аймақты аралап, ақпараттық жұмыстар жүргізуде. Топ құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ұстаздардың біліктілігін жетілдіру институтының қызметкерлері кірді. Ақпараттық топ ең алдымен жастар арасында белсенді жұмыс жүргізуі керек. Себебі, жастардың қазіргі ашық ақпараттың ағынына ілесіп, жат ағымдарға ермеуі, өзгелерге еліктемеуі тиіс,– деді Зәпен Жақ­сыбайқызы. Бұдан соң ақпараттық топтың үйлестірушісі Еркін Құрманбеков ұрпақ тәрбиесіне байланысты баяндама жасады. Философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжанов ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді жаңғырту туралы ойларын ортаға салды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.