• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 05 Желтоқсан, 2021

Соңғы раундта жойқын соққымды дарыта алмадым – Джозеф Диас

355 рет
көрсетілді

Америкалық кәсіпқой боксшы Джозеф Диас WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Девин Хейниден жеңілгеннен кейін не себепті қарсыласына есе жібергені туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шынын айтқанда менің соққымнан кейін ол он екінші раундтың басында жарақат алды. Алайда сол соққыны жұмсаған кезде менің көзіме вазелин шашырандысы кіріп кетті. Соның кесірінен кезекті жойқын соққымды дарыта алмадым. Әйтпесе бәрі басқаша болатын еді», деп ақталды Диас.

Диастікі құр ақталу екені түсінікті. Өйткені Хейни он екінші раундқа дейін қарсыласын әбден діңкелетіп, жеңіске жету үшін жеткілікті ұпай жинаған болатын.