• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тәуелсіздік 06 Желтоқсан, 2021

Елбасы: Береке-бірліктің қадірін білуіміз керек

387 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында тәуелсіздіктің алғашқы күндері­нен бастап береке-бірлікке, ын­тымақ­қа, ұлт­аралық татулық пен дін­ара­лық келісімге негізделген сая­сат­­ты жүзеге асырғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл елі­мізді үз­діксіз өсу мен өркен­деуге бастады. Осы­­ның қадірін білуіміз керек. «Бір­лігі бар ел озады», дейді дана хал­қымыз.

Біз дамудың даңғыл жолына түскенде өзіміз сияқты тәуел­сіздігін жариялаған Грузия, Әзербайжан, Армения мемле­­кеттерінде, өкінішке қарай соғыс өрті тұтанып, Прид­нестровье Молдова­дан бөлініп кетті. Тәжікстанда азамат соғы­сы өршіп, бауырлас қырғыз елін­­­де дүркін-дүркін дүмпулер мен қақ­­ты­­ғыстар орын алып, сол жылдары басталған келіс­пеу­шіліктер әлі күнге дейін жал­ғасып, елдің берекесін алып қана қойған жоқ, экономикасын да тұралатып, жылдар бойы алға дамуын тежеді. Украинаның оң­­түстік-шығысындағы осы күн­­гі жанжалдың төркіні де тоқ­­са­ныншы жылдардан келе жатқан алауыздықтардан бас­талды.

Ынтымағы жарасқан елдің табысы тасып, абыройы асады. Берекесі қашқан елдің қуаты кеміп, құты қашады. Отыз жыл ішінде біз ғасырларға бергісіз даму жолынан өттік. Ауыз толтырып айтар табыстарымыз да аз емес», деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев.