• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Технология 06 Желтоқсан, 2021

Кристофер Писсари­дестің болжамы шындыққа айналды – Нұрсұлтан Назарбаев

223 рет
көрсетілді

Экономика бойынша Но­бель сыйлы­ғының лауреа­ты Кристофер Писсари­дес төр­тінші индустриялық рево­люция барысында роботтар біртіндеп адамдар қызмет ететін мамандықтардың басым көпшілігін алмастыратын бо­лады деген болжам жасаған, деп жазады Egemen.kz.

«Сол болжам енді келді. Жа­һандық техно­ло­гияландыру нәти­жесінде қазір­дің өзінде ақпа­раттық технология, робот техникасы, синтетикалық био­ло­гия, бионика, нанотехнология, жасанды ин­теллект саласында бұрын санаға да сый­майтын революциялық өзгеріс­тер орын алып жатыр. Әлемде биоинже­нер, робот техникасы инженері, киберқауіп­сіздік маманы, нейромаркетолог, космобиолог, урбанист-эколог, биофармаколог, агрокибернетик, метеоэнергетик сияқты жаңа мамандықтарға сұраныстар барған сайын арта түсуде.

Біз кезінде «ЕХРО-2017» көрмесін өткізіп, жасыл энер­гетикаға көшудің кешенді бағдарламасын қабылдадық. Бүгінде бүкіл әлем баламалы энергетиканы – жел энергиясы, гелиоэнергетика, гидроэнергетика, биоэнергетика, геотермалды энергетика салаларын қарқынды дамыту үстінде. Осы үдерістен қалмауымыз керек.

Жаһандық жаңа трендтердің қата­рын­да болу үшін біз «Бола­шақ» бағдар­ламасын жасап, жас­тарымызды әлем­нің ең үздік университеттерінде оқыт­тық. Ал қаражат жеткіліксіз болған өт­кен ғасырдың 90-жылдары біз сту­дент­­тердің оқу ақысын, жүріп-тұруы мен күнкөрісін төлеп бердік. Осы уа­қытқа дейін ел игілігі үшін 15 мың­нан астам маман даярланды. Олар өз Отаны­ның қамқорлығын сезініп, елге қызмет етіп, біздің үмітімізді ақтай­ды деп сенемін.

Кейіннен әлемдік деңгей­дегі жоғары оқу орны – Назар­баев универ­ситеті, Назарбаев зияткерлік мектеп­тері желісі, ақпараттық техноло­гия­лар саласындағы стар­тап­тар­ға арналған «Ас­тана-хаб» халық­аралық тех­но­паркі ашылды. Біздің жас­тар осындай ілгерішіл өзгеріс­тердің көш басында болуы қажет», деп жазды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында.