Германиялық танымал HiPP компаниясы Аустрия, Словакия және Чехия нарығынан өз өнімдерінің бір бөлігін кері қайтарып жатыр. Бұған балалар ботқасынан егеуқұйрық уының табылуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Улы зат 5 айлық сәбилерге арналған 190 грамдық «Сәбіз бен картоп» ботқасынан анықталған. Компанияның мәліметінше, аталған өнімдер Аустриядағы SPAR супермаркеттерінің 1 000-нан астам нүктесінен сатылымнан алынып тасталған. Тұтынушыларға сатып алынған тауар үшін толық ақшалай өтемақы ұсынылып отыр.
Тағы да астан улану ма?
Сондай-ақ дәл осы өнімге ұқсас партиялар Чехия мен Словакияда да полиция тарапынан тәркіленген. Алғашқы зертханалық талдаулар тағам құрамында улы заттың болуы мүмкін екенін көрсеткен.
Қазіргі уақытта құзырлы органдар өнімнің нақты құрамын анықтау және оның нарыққа қалай түскенін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.