• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 19:28

«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот қызметінен кетті

Ағылшынның Ливерпуль футбол клубы бас бапкер Арне Слоттың қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Клуб басшылығының хабарлауынша, алдағы даму кезеңі үшін өзгерістер қажет болғандықтан, тараптар келісімшартты тоқтату туралы шешім қабылдаған.

«Ливерпуль» Арне Слоттың бас бапкер қызметінен кететінін растайды. Қазіргі уақытта жаңа бапкер тағайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол клубтан Премьер-лига чемпионы атағымен кетіп отыр. Біз оған шынайы алғысымызды білдіреміз», делінген клуб мәлімдемесінде.

Айта кетейік, нидерландтық маман «Ливерпуль» тізгінін 2024 жылдың мамырында қабылдап, команданы екі маусым бойы жаттықтырды. Осы кезеңде ол Англия чемпионы атанды. Өткен маусымда мерсисайдтық клуб Премьер-лигада бесінші орын алып, Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Команданы Чемпиондар лигасының ширек финалына жеткізген бас бапкер «Қайраттан» неге кетті?

Инсайдерлердің мәліметінше, «Ливерпульдің» жаңа бас бапкері қызметіне негізгі үміткерлердің бірі – испаниялық маман Андони Ираола. Ол маусым аяқталғаннан кейін «Борнмут» сапынан ауысады деп күтіліп отыр.

Маусым соңында ағылшын Премьер-лигасында кадрлық ауыс-түйіс қыза түсті. Осыған дейін Реал Мадрид клубын жаттықтырған Хаби Алонсо «Челси» бапкері атанса, Хосеп Гвардиола «Манчестер Сити»-ден кететінін мәлімдеген еді. 

Соңғы жаңалықтар