• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Желтоқсан, 2021

«Сптуник Лайт» ревакцинацияға арналған екпе ретінде мақұлданды

159 рет
көрсетілді

Аргентина ресейлік «Сптуник Лайт» препаратын тәуелсіз вакцина ретінде, сондай-ақ ревакцинацияға арналған екпе ретінде мақұлдады. Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қоры хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Буэнос-Айрес провинциясының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша «Спутник Лайт» препараты егде жастағы адамдарды вакцинациялау, сондай-ақ басқа препараттармен қолдану кезінде 78,6–83,7% деңгейінде тиімділік көрсетті», деп хабарлайды РТИҚ.

Сондай-ақ 30 қарашада Біріккен Араб Әмірліктері «Спутник Лайт» вакцинасын қайта вакцинациялау үшін қолдануды мақұлдады.

Украинада коронавирустың таралу көрсеткіші жоғары аймақтарда қатаң шектеулер енгізілді. Қазір елдің көптеген облыстары мен Киев қауіпті аймақтарда, «жасыл» аймақта бірде-бір аймақ жоқ. Осыған байланысты қоғамдық орындарға тек вакцинацияның бірінші компонентін алған және толық курсын алып, тиісті құжаты бар азаматтар ғана кіре алады.

Сондай-ақ коронавирусқа теріс нәтижелі тест анықтамасы немесе аурудан сауыққандығы туралы құжаты бар адамдарға рұқсат етіледі. Егер білім беру мекемелерінің қызметкерлері толық құрамда егілмеген болса, олардың жұмыс жасауына тыйым салынады. Бұл талап кинотеатрлардың, театрлардың, тамақтану орындарының, спорт залдарының, бассейндердің жұмысына да қатысты енгізілуде.