Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ-пен қауіпсіздік жөніндегі келісім-шартқа қол қоймайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Аталмыш келісім-шартқа сәйкес, АҚШ 2014 жылдан кейін де өз әскерін Ауғанстан аумағына кіргізуі керек болатын. «Бейбітшілік процесі басталмай мен бұл келісімшартқа қол қоя алмаймын», – деді Ауғанстан президенті «The Washington Post» газетіне берген сұхбатында. Ол сондай-ақ 2001 жылдың соңында Ауғанстанда басталған АҚШ операциясын сынға алды. «АҚШ қарулы күштері Ауғанстанға келгендегі негізгі мақсатын орындай алмады, олар елде бейбітшілік орнатуы тиіс болатын», – деді Хамид Карзай.
Бұдан бұрын, Ауғанстанда орналасқан АҚШ әскерінің 34 мыңы 2014 жылдың ақпан айында, ал негізгі бөлігі жылдың соңында ел аумағын босатады деп жоспарланған еді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com.
Фото: Reuters.com.