Германияның Одердегі Франкфурт қаласында бокстан жастар арасында «Бранденбург кубогы» халықаралық турнирі өтті. Осы сында Қазақстан боксшылары 4 алтын мен 1 күміс медальді жеңіп алды. Бұл туралы Бокс федерациясы хабарлады.
Турнирде 56 кило салмақта Сұлтан Зауырбек, 60 килода Абылайхан Жүсіпов, 64 кило салмақ дәрежесінде Аян Қалибеков жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 81 килода күш сынасқан Вадим Казаковқа тең келер ешкім болмады. Ал 91 килодан астам салмақта шаршы алаңға шыққан Темірлан Қабиев финалдық кездесуде Ұлыбритания боксшысынан ұтылып қалды.
Турнирге 20 елден барлығы 140 былғары қолғап шебері қатысты.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: http://www.kfb.kz.
Фото: http://www.kfb.kz.