• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2014

Сырдарияда сең қозғалды

465 рет
көрсетілді

Ауа райының жылынуына байланысты Сырдарияда сең қозғалды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады. Сырдария өзенінде тұтасқан мұз Оңтүстік Қазақстан облысындағы Балтакөл елді мекені тұсынан Қызылорда облысына қарай қозғалған. Ал біздің қолымызға келіп түскен соңғы ақпаратта тұтасқан мұздың Жаңақорған ауданының Қандоз ауылына қарай бағыт алып бара жатқаны туралы жазылған екен. Жалпы, қазіргі кезде Шардара су қоймасынан төмен қарай секундына 1000 текше метр су босатылуда. Ал Көксарай су реттегіші осының 500 текше метрін қабылдауда. Сондай-ақ, Қызылорда су торабынан секундына 360 текше метр су өтіп жатыр. Осы шаһардағы мұздың қалыңдығы 46 сантиметр болса, Қазалы ауданында ол 64 сантиметрге жеткен. Жергілікті жердегі мамандардың айтуынша, дариядағы мұз 20-25 наурыз аралығында Қызылорда қаласы тұсынан өтетін көрінеді. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы. Фото: Syrdarya.gov.kz.