• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Желтоқсан, 2021

Бүлінген банкноттарды қайда өткізуге болады?

362 рет
көрсетілді

Тозған, күйген, жыртылған ақшаларды Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдарына өткізуге болады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкінің мәліметінше, бұл банкноттардың барлығы фрагменттері бойынша қайта құрастырылып, қалпына келтіріледі. Жыл басынан бері ҚҰБ жарамдылығы күмән тудыратын банкноттар мен монеталардың 3079-ын қабылдап, солардың арасынан 2542 банкнотты айырбастап берген. Олардың көбі жыртылған, күйген, ескіріп, жуылып кеткен.

«Егер банкноттың 50%-дан көп бөлігі жақсы сақталған болса, оны ҚҰБ филиалдарына жарамдылығы жағынан күмәнді банкнот ретінде сараптамаға тапсырып, шын ақша екенін тексертуге болады.

Ол үшін банкноттың қалған бөлігін ұқыптап жинап алу керек. Қандай жағдайға қарамастан, банкнотты бүлінген дүниенің ішінен, әмияннан, басқа да ыдыстан алмаған дұрыс. Әйтпесе банкноттар одан бетер жыртылып, оның шын ақша екенін анықтау қиынға түседі. Бүлінген ақшаны жұмсақ затқа орап, үлкендеу қорапқа салып алу керек. Осыдан кейін оны сараптамадан өткізу үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өткізесіз. Тексеруге болатын, аумағы сақталған бүлінген банкноттар жаңа ақшаға айырбасталады. Алайда, оны тексеру біраз уақыт алуы мүмкін. Ең бастысы, сараптама тегін жасалады», делінген Ұлттық Банк таратқан ақпаратта.

Егер банкнот өз көлемінің кемінде 70% сақтаған болса және оның номиналын көрсететін (жазбаша және сан түріндегі) сандар қатты бүлінбеген болса (егер банкноттың шын ақша екенін растауға кедергі болмаса), ескіргеніне қарамастан, ол төлемге жарамды ақшаға айырбасталады. Ондай банкноттарды екінші деңгейлі банктерге, ҚҰБ филиалдарына немесе «Қазпошта» АҚ-на барып, айырбастап алуға болады.

Айта кетейік, ЕДБ өздерінің ішкі нормативтік құжаттарына сай, қызмет көрсеткені үшін комиссиялық төлем алуға құқылы.