Өзбекстанның Денау қаласындағы «Инденим» сауда кешенінде жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Информбюро сайты жазады.
Жарылыс түнгі сағат 3.57-де болған. Ғимараттың қабырғасы құлап, өртенген.
«Ғимаратта болған тоғыз адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде қирандылар астынан екі адамның мәйіті табылды», делінген ТЖД хабарламасында.
Қазіргі күні жарылыс себептерін анықтауға арналған комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр.