• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Желтоқсан, 2021

Бейжің Олимпиадасы жасанды қар үстінде өтеді

380 рет
көрсетілді

Бейжің – 2022 ойындарын ұйымдастырушы комитет Олимпиада ойындарына қажетті жасанды қарды дайындап жатқанын мәлімдеді. Аталған процесс қаңтар айының ортасында аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Янцинде тау шаңғысынан, Чжанцзякоуда биатлон, шаңғы жарысы, сноуборд пен фристайлдан бәсеке өтеді. 

Аталған аймақтарда қар аз түсетіндіктен, ХОК ұйымдастырушыларға жарыс аймағын жасанды қармен толтыру қажеттігін ескерткен болатын. 

Айта кетейік, 2018 жылғы Пхенчхан ойындарында тау шаңғысы нысаны үшін қолданылған қардың 90 пайызы жасанды болған. 

Ванкувер мен Сочи Олимпиадалары да жасанды қарды қолданған. 

Ал Бейжің Олимпиадасы 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтеді.