• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Желтоқсан, 2021

Аида Балаева Өзбекстан кинематография агенттігінің басшысымен кездесті

331 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Өзбекстан Республикасы кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликовпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аида Балаева шетелдік қонаққа Қазақстандағы телевизиялық сериалдар, деректі фильмдер өндірісін қамтамасыз ету және продакшн-индустрияны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап берді.

Фирдавс Абдухаликов болса министрді Өзбекстандағы кинематография саласының перспективаларымен таныстырды.

Тараптар екі елдің телеарналарында көрсетілетін кино өнімдермен алмасу, бірлескен телевизиялық жобалар құру мәселелерін талқыға салды.

Кездесуді қорытындылай келе, қос тарап екі елдің кинематография және теледидар өнімдері саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ниет білдірді.