• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2014

Қара шаңырақ

280 рет
көрсетілді

Жаһандық игі істердің ұйытқысына айналды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабын ашу салтанаты болып өтті. Қазақ мемлекетінің Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабыл­данған күні қарсаңында жеткен жағымды жаңалық – әл-Фараби уни­верситеті ғылым мен бі­лім сала­сындағы халықаралық көш­­­бас­шы оқу ордасы ретінде танылып отыр. БҰҰ-ның әлемдік мойындауға және жүзеге асыруға ие болған адам құқығы, сауаттылық, тұрақты даму мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу принциптеріне негізделген «Ака­демиялық ық­пал» бағдарламасына Қазақ уни­вер­си­тетінің Орталық Азия елдері жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып қосылуы ел өміріндегі елеулі оқиға десек болады. Оған «Global Classroom» бағдарламасын белсенді жүргізгені сеп болып отыр. Университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов салтанатты шара барысында жиылған көпшілікке БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның, Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сенатының Төр­­­ағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, БҰҰ жанындағы Қазақстан Рес­пуб­ли­­­­касының Тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахмановтың осы игі шараға орай жолдаған жеделхаттарын оқып берді. Сондай-ақ, Сыртқы істер министр­лігінің Ерекше тапсырмалар бойынша елшісі, Отанымыздың БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты елшісі Ақмарал Арыстанбекова, Қазақстандағы БҰҰ Хатшылығының қоғамды ақпарат­тандыру басқармасының өкілі Влас­­­ти­мил Самек мырзалар университет оқытушылары мен студенттер алдында сөз сөйледі. Осы орайда айта кететін тағы бір жағымды жаңалық, алдағы мамыр айында ҚазҰУ-де әлемдік деңгейдегі ІІІ Азия университеттері ректорларының үлкен форумы өтеді. Ол Азия айма­­­ғын­дағы қауіпсіздік пен жарқын болашақ үшін интеграциялық үдерістің мықты қоз­­ғаушы күші болады деп жоспарлануда. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.