• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Желтоқсан, 2021

Елорданың төрт ауданында жастарға қызмет көрсетіледі

215 рет
көрсетілді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» КММ бастамасымен Нұр-Сұлтанның төрт ауданында алғаш рет жастарға қызмет көрсету орталығы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы алғашқы Жастарға қызмет көрсету орталығы пилоттық режимде 2021 жылғы 1 маусымда Сарыарқа ауданындағы Гете көшесі, 1 (ескі вокзал маңында) ашылды.

Орталыққа келіп түскен өтініштер бойынша сұраныстардың көптігіне байланысты биылғы қараша айында басқа аудандарда ЖҚКО ашылған болатын: Есіл ауданы - Е-11 көшесі, 10 үй мекенжайы бойынша «Базар» СҮ, «Алматы» ауданы – Сәтбаев көшесі, 13а үй мекенжайы бойынша «Alcato» БО, «Байқоңыр» ауданы - Алаш тас жолы, 34/5 үй мекенжайы бойынша «БигШанхай» базарында орналасқан. Орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі демалыс күндері.

Мұнда мына мәселелер бойынша кеңес алуға болады:

Кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру;

Волонтерлерді қабылдау;

Тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламалар;

Жастар бастамаларын қолдау (бизнес ашу, іс-шаралар ұйымдастыру, жобаларды қолдау);

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану (спорттық секциялар және шығармашылық үйірмелер).

Жастар мен жергілікті тұрғындар өтініштерінің 80-90%-ы тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша болды. Бүгінгі таңда қараша айынан бері ЖҚКО 800-ге жуық жасты қабылдап, оларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультациялық көмек көрсетті.