Шетел азаматтарының Ресейге кіру ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігіне сілтеме жасап.
Роспотребнадзордың жаңа қаулысына сәйкес, шетел азаматтары, оның ішінде қазақстандықтардың коронавирусқа тапсырған ПТР тест нәтижесінің мерзімі Ресейге кірген кезде 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарды. Қысқарту зертханалық талдау нәтижесі шыққан уақыттан басталады.
Ресей Федерациясына кіру кезінде жасына қарамастан барлық азаматтарға, оның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар үшін теріс ПТР тесті қажет екендігі атап өтілген.
Айта кетейік, Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кіру шектелген. Тек жекелеген санаттарға ғана рұқсат етіледі.