• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2021

Ақтөбе облысының тас жолында жол апаты болды

466 рет
көрсетілді

Ақтөбе - Богословка автожолында жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 желтоқсан күні сағат 03:45 шамасында «ВАЗ 2112» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Ақтөбе - Богословка автожолымен жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып, «ГАЗель» жүк көлігімен соқтығысқан, деп жазады Ақтөбе облысының Полиция департаменті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.