• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2021

Петропавл тұрғынынан есірткі тәркіленді

176 рет
көрсетілді

СҚО полицейлері 22 жастағы жігіттен экстази мен мефедрон есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавл қаласының 22 жастағы тұрғыны тамыз айының соңында Солтүстік Қазақстан облысының есірткі қылмысымен күрескерлерінің назарына іліккен. Тәртіп сақшыларының қарамағына жас жігіттің есірткіні таратуға қатысы болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат түскен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде құрамында ұнтақ зат бар полимерлік түйіншек табылған. Алынған заттың жалпы салмағы 31 граммды құрады. Сараптама көрсеткендей, бұл - кокаиннің синтетикалық аналогы болып табылатын «мефедрон» психоактивті заты. Алынған салмақ шамамен 500 бір реттік дозаны құрайды. Алайда күдіктінің «ассортименті» емес екені анықталды.

«Оған қоса, полицейлер күдіктіден MDMA психотроптық заты немесе «экстази» деген атпен танымал метамфетамин есірткісін тапты. Бұл биылғы жылы СҚО-да метамфетаминді тәркілеудің алғашқы жағдайы. Есірткі заттарымен аса ірі мөлшерде заңсыз жұмыс істеу фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының үш бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», деп нақтылады СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.