• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бокс 10 Желтоқсан, 2021

Бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ

4692 рет
көрсетілді

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы ойындар бағдарламасына енетін спорт түрлерін жариялады. Олардың қатарында бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыс жоқ деп жазад, Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін ХОК президенті 2028 жылғы жазғы Олимпиадаға енетін 28 спорт түрін жариялаған болатын. Аталған тізімге үш спорт түрі енбей қалды.

– ХОК атқарушы комитеті бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыстың өтінішін қабылдау немесе кері қайтару туралы ойланатын болады. АІВА қаржылық ашықтық бойынша жұмыстың жақсарғанын көрсетуі тиіс. Сондай-ақ төрешілерді тағайындауды дұрыс жолға қоюы керек.

IWF допингпен күрес жөніндегі ұсыныстарды толық орындап, допингке қарсы бағдарламаның толық тәуелсіздігін дәлелдеуі тиіс. Ал UIPM атпен жарысуды алмастыратын жаңа бағдарламаны дайындап шығуы қажет, - деді Бах. 

Бокс, ауыр атлетика мен қазіргі бессайысты Олимпиада бағдарламасында сақтау мәселесі ХОК-тің 2023 жылғы сессиясында қаралады.