• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Желтоқсан, 2021

Полиция несие рақымшылығы жайлы жалған ақпарат таратқандарды іздеуге кірісті

317 рет
көрсетілді

Алматы қалалық полиция өкілдері әлеуметтік желі арқылы несие рақымшылығы жасалады деген жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен тұрғындар арасында несиеге рақымшылық жасау және несиені есептен шығару туралы шындыққа жанаспайтын ақпараттың таралу фактісі бойынша арыз келіп түскенін мәлім етті.

«Қазіргі уақытта қалалық ПД тергеу басқармасы жалған ақпарат тарату бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Кінәлілер жасаған іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауапқа тартылады», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Алматы полициясы азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге және тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырады.