ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаның Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы кезіндегі бірлескен жұмыстың 5 бағытын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы құрметті миссиясын аяқтайды. Төрағалыққа өткен кезде мен бірлескен жұмыстың бес бағытын жасақтаған едім. Бұл – өнеркәсіптік кооперацияны күшейту, өзара саудадағы кедергілерді жою, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, сонымен қатар үшінші елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту», деді ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
Мемлекет басшысы бұл бір күндік жұмыс емес екендігін баса айтты.
«Дегенмен, бүгінде олардың кейбірінің сәтті жүзеге асырылғандығын атап өтуге болады. Биыл 2025 жылға дейінгі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бекітілді. Бұл - орташа мерзімді кезеңде өнеркәсіптік кооперацияның даму веторын айқындайтын негіз құраушы құжат. 2021-2023 жылдарға арналған көлік саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді», деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.