• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Желтоқсан, 2021

Қырғызстанға заңсыз жанармай өткізбекші болғандар ұсталды

238 рет
көрсетілді

Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті Қазақстаннан Қырғыз Республикасына 960 тонна АИ-92 маркалы бензинін заңсыз әкетпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу барысында ЖЖМ «газ конденсаты» атауымен рәсімдеп, теміржол цистерналарымен шығаруды жоспарлағаны анықталды.

Бензиннің жалпы сомасы 229 миллион теңгені құрайды. Тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.