ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оған сәйкес, 9 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 9 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтыс болған.
Коронавирус індетінен көз жұмғандардың ішінде ең көбі Қарағанды облысында - 3 науқас.
Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында - 2 науқас.
Қостанай, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.