«Forbes» журналының биылғы қорытындысы бойынша, Пол Алленмен бірге «Microsoft» корпорациясының негізін қалаған Билл Гейтс қайтадан әлемнің ең қалталы азаматы атанып отыр. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.
Жоғарыда аталған басылымның дерегіне жүгінсек, қазіргі кезде Б.Гейтстің дүние-мүлкі 76 млрд. доллар құраған. Ал әлемдегі ең бай адамдар тізімін әрі қарай Мексиканың медиа-магнаты Карлос Слим мен «Inditex» компаниясының иесі Амансио Ортеги жалғастырады. Екінші орынды 72 млрд. доллармен К. Слим иеленсе, дүние-мүлкі 64 млрд. долларға бағаланған А. Ортеги былтырғыдай үшнші орынға тұрақтады. Бестікке сондай-ақ «Berkshire Hathaway» мен «Oracle» компанияларының басшылары Уоррен Баффет пен Ларри Элисон кірді.
Б.Гейтс 1996, 2007 мен 2009 жылдары «Forbes» журналының рейтингі бойынша әлемнің ең қалталы азаматы атанған болатын. Оның дүние-мүлкінің негізгі бөлігі «Cascade Investments» холдингі иелігінде. Сондай-ақ, білікті кәсіпкер әйелімен бірге қайырымдылық қорын құрды. Осы қорға 2010 жылы 28 млрд. доллар аударылған екен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Utro.ru.
Фото: Fingazeta.ru.