Ресей Федерациясының 85 аймағында коронавирус инфекциясын жұқтырудың ондаған мың жағдайы анықталды. Өткен тәулікте 30 288 адамда инфекция расталды деп мәлімдеді елдің инфекциямен күрес жөніндегі жедел штабы, деп жазады Egemen.kz.
Жаңа жағдайлардың ең көп саны Мәскеуде анықталды – 3 140, Санкт-Петербургте – 2 045 және Мәскеу облысында – 1 833. Жалпы, пандемия басталғаннан бері Ресейде COVID-19 жұқтырудың 9 986 967 фактісі тіркелді.
«Ал, Франция covid-19 пандемиясының бесінші толқынын өткеруде», деді Премьер-министр Жан Кастекс.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызылғандардың саны осы аптаның соңында жылдам қарқынмен өсіп жатқанын мәлімдеді. COVID-19 пациенттерінің күнделікті өсу көрсеткіші 61 340 құрады және бұл жаңа антирекорд.
Қазіргі уақытта Францияда 52 189 810 адам немесе халықтың 77,3% - ы вакцинаның бір компонентімен егілді, иммундаудың толық курсынан өткендер саны 47 742 082, бұл тұрғындардың 70,7 % құрайды. Ревакцинация аясында 11 529 364 екпе жасалды.