Сочиде өткен Қысқы Олимпиада ойындарына Қызылжар өңірінен екі конькиші қатысты. Солардың бірі Роман Креч 500 метр қашықтықа жүгіруде 7-ші орынды иеленіп, үздік ондыққа кірді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының спорт және денешынықтыру басқармасы хабарлады.
«Казградстрой-НС» компаниясы «Қызылжар» тұрғын үй кешенін салу үшін осы өңірдегі жер үйлерді сүріп тастауға кіріскен көрінеді. Ал сол жерде Роман Креч те тұрады. Бірақ, бұл баспана оның нағашысына тиесілі екен. Жағдай тығырыққа тірелгенде, облыс басшылығы спортшыға «Мечта» тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтер беретін болды. Конькишінің туысына да бір бөлмелі пәтер беру мәселесі қарастырылуда.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облысының спорт және денешынықтыру басқармасы.
Фото: Sport.mail.ru.