Бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға кеше, 13 желтоқсанда сағат 19:00-ден кейін Атырау қаласына таяу орналасқан елді мекенде болған.
«Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне 13 желтоқсанда сағат 19:50-де ит талаған жасөспірім қыз ауыр жағдайда түсті. Оның екі иығы мен білегінде, екі жамбасы мен аяғында, беті мен маңдайында жарақаты болған. Жасөспірім әлі де жансақтау бөлімінде жатыр», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Биылғы 11 айда облыстық балалар ауруханасына осындай жарақатпен 380 бала түскен. Оның ішінде 152 баланы қаңғыбас ит, 183 баланы асыранлы ит талаған. Сондай-ақ 15 баланы қаңғыбас мысық, 23 баланы үй мысығы тістеген.