• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2014

Аудандардың бас жоспары мақұлданды

378 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінде облыстағы үш аудан орталығының 2030 жылға дейін белгіленген аумақтық орналасу сызбасының бас жоспары бекітілді. Жобаның авторы “Градо” ЖФ” ЖШС-нің директоры Арқынжан Маметов жиналғандарды Ғ. Мүсірепов, Айыртау және Тимирязев аудандары орталықтарының аумақтық бас жоспарларының толықтырылған нұсқасымен таныстырды. Оның сөзіне қарағанда, осы аумақтардағы елді мекен тұрғындарының саны өсіп келеді. Осыған орай әлеуметтік-экономикалық даму үдерісі, аумақтың жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастырылуы, көлік және инженерлік коммуникациялар жүйесі жан-жақты зерттелген. Бұдан тысқары демографиялық өсімге, ауыл ерекшеліктеріне, қоршаған ортаны қорғау жайына талдау жасалған. Аймақ басшысы қалған 10 аудан мен Петропавл қаласының бас жоспарын бекіту ісін кешіктірмеуді тапсырды. Әр ауылдың аумақтық сұлбасын және жобалау-сметалық құжаттарын дайындап шығудың ендігі бір қиындығы тұрғындарының жұмыспен қамтылу көрсеткіштері, жолдар мен коммуникация тораптарын көгалдандыру, инженерлік және геологиялық ахуал егжей-тегжейлі қамтылуы тиіс. “Градо” жобалау фирмасына үлкен сенім артылып отыр. Енді бұл жобалар аудан мәслихаттарында тағы бір пысықталып, содан кейін бекітілетін болады, деді С. Ескендіров. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.