• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Желтоқсан, 2021

Пәтуалар жинағының үшінші кітабы жарық көрді

481 рет
көрсетілді

Елордада өтіп жатқан ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХХІІ мәжілісінде Пәтуалар жинағының үшінші кітабы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Muftiyat» баспасы шығарған жинақтың таныстырылымына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Ғұламалар кеңесі мүшелері қатысты.

«Өзекті діни мәселеде қоғам арасында «Ғұламалар кеңесінің ұстанымы қандай? Қандай пәтуа шығарады?» деген сауалдар жиі қойылады. Бұл жинақ – Кеңестің атқарып отырған ауқымды еңбегі мен жанқиярлықпен жасап жатқан жұмыстарының жемісі деп атар едім», деді ҚМДБ Төрағасы.

Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған жинақта қазіргі кезде қоғамда жиі талқыланатын көкейкесті мәселелер мен үкімдер жан-жақты қаралып, шариғат негіздеріне сүйене отырып, шешімі мен пәтуалары топтастырылып отыр. Еңбек дін қызметіндегі имамдарға, имандылық жолында тәлім алушы шәкірттерге, сондай-ақ жалпы мұсылман қауымына арналған.