• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Желтоқсан, 2021

Көпбалалы отбасыларға 261,7 млрд теңге төленді

489 рет
көрсетілді

2021 жылғы қаңтардан қарашаға дейін көпбалалы отбасылар бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 261,7 млрд теңгеге 446,4 мың отбасы қамтылды, оның ішінде қараша айында жәрдемақының осы түрін жалпы сомасы 26,6 млрд теңгеге 471,4 мың отбасы алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасылар табысына қарамастан, мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады.

Төлемдердің мөлшері балалар санына байланысты сараланған және 2021 жылы 46 760 теңгеден (4 бала), 58 457 теңгеден (5 бала), 70 154 теңгеден (6 бала), 81 852 теңгеден (7 бала), 8 баламен - 93 344 теңгеден, 9 баламен - 105 012 теңгеден, 10 баламен - 116 680 теңгеден, 11 - 128 348 теңгеден, 12 - 140 016 теңгеден, 13-тен - 151 684 теңге, 14-тен - 163 352 теңге, 15-тен - 175 020 теңге, 16-дан - 186 688 теңге немесе әр балаға 11 668 теңге.

Еске сала кетсек, көпбалалы отбасыларға олардың табыстарын есепке алмай жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.